Тегістегіш үшін қауіпсіздік нұсқаулары
- Егеуқұм бет тоқ кабелін тиіп кету мүмкіндігі себебінен оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
- Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
- Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарып оны дайындамадан алыстатып өшіріңіз. Электр құралы тосыннан қосылуы мүмкін.
- Айналып тұрған тегістеу таспасына тимеңіз. Жарақат алу қаупі бар.
- Қорғау қолғабын киіп айналып тұрған тегістеу таспасына тимеңіз. Жарақат алу қаупі бар.
- Адамдарға ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне көз жеткізіңіз. Жанатын материалдарды алыстатыңыз. Металлды ажарлау арқылы ұшқындар пайда болады.
- Ешбір тозған, жарылған немесе лас тегістеу таспаларын пайдаланбаңыз. Зақымдалған тегістеу таспалары жарылып, лақтырылып, біреуді зақымдауы мүмкін.
- Өрт қауібі бар! Ажарланатын материалды немесе ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз. Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы, микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы (немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі) металлды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы, ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса жоғары қауіп тудырады.
- Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қаупін тудыруы мүмкін.
-
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
- Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
- Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.