Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау және қашау үшін сізге SDS plus бұрғылау патронына енгізілетін SDS plus құралдары қажет болады.
Ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау үшін SDS plus жоқ құралдар (мысалы, цилиндрлік білігі бар бұрғы) қолданылады. Осы құралдар үшін жылдам қысқыш бұрғылау патроны немесе тісті тоғыны бар бұрғылау патроны қажет.
Нұсқау: тісті тоғыны бар бұрғылау патронын тек соққысыз бұрғылау режимінде пайдаланыңыз.