Пайдалану нұсқаулары
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Жақсы кесік сапасына қол жеткізу үшін электр құралын біркелкі және жеңіл итеру қозғалысымен кесік бағытымен жүргізіңіз. Тым қатты итеру нәтижесінде алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімі қысқарады және электр құралы зақымдалуы мүмкін.
Әрдайым біркелкі беру жылдамдығымен жұмыс істеңіз және ара дискісінің айналу жиілігі тұрақты болуын қамтамасыз етіңіз. Ара дискісі тістерінің қатты қызып кетуін болдырмау үшін беру жылдамдығының көтерілуіне (мысалы, ылғалды сүректі, қысыммен өңделген сүректі немесе бұтақтарды өңдеу кезінде) және оның салдарынан айналу жиілігінің төмендеуіне жол бермеңіз.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау процесі бастағанда немесе жалғастырғанда, ара төсемін ара саңылауының ортасына келтіріп, ара тістері дайындамаға ілінбегеніне көз жеткізіңіз. Осылайша кері соққыны немесе ара төсемінің дайындамадан шығып кетуін болдырмайсыз.
Параллельді тіреуіш (10) дайындама жиегі бойымен дәл аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (7) босатып параллельді тірек (10) шкаласын тіреу тақтасының (12) бағыттауышында жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (9) немесе (8) кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз, "Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз. Қатпарлы бұрандаманы (7) қайтадан берік бекітіңіз.