Ара төсемін орнату/ауыстыру

Құралды алмастыру үшін электр құралын қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.

  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) басып, ұстап тұрыңыз.
  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
  • Алты қырлы дөңбек кілтпен (17) қысқыш бұранданы (18) ➊ бағытымен бұрап шығарыңыз.
  • Маятниктік қорғаныш қаптаманы (11) артқа қайырып, берік ұстап тұрыңыз.
  • Қысқыш фланецті (19) және ара дискісін (20) тірек фланеці бар ара шпинделінен (21) шығарып алыңыз.

Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады.

Құралды алмастыру үшін электр құралын қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.

  • Ара дискісін (20) және барлық орнатылатын қыспа бөлшектерді тазалаңыз.
  • Маятниктік қорғаныш қаптаманы (11) артқа қайырып, берік ұстап тұрыңыз.
  • Ара дискісін (20) тірек фланеці бар ара шпинделіне (21) орнатыңыз. Тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) қорғаныш қаптамадағы (15) бағыт көрсеткісімен бірдей болуы керек.
  • Қысқыш фланецті (19) орнатыңыз және қысқыш бұранданы (18) ➋ бағытымен бұрап бекітіңіз. Тірек фланеці бар ара шпинделінің (21) және қысқыш фланецтің (19) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) басып, ұстап тұрыңыз.
  • Алты қырлы дөңбек кілтпен (17) қысқыш бұранданы (18) ➋ бағытымен бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм құрауы керек, бұл қолмен бұрау мен ¼ айналымға сәйкес келеді.