Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Сору адаптерін орнату (E суретін қараңыз)

Сору адаптерін (25) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (14) тірелгенше салыңыз. Сору адаптерін (25) қосымша бұрандамен (26) бекітіңіз.

Сору адаптеріне (25) диаметрі 35 мм сору шлангын жалғауға болады.

Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін (25) жүйелі түрде тазалап тұру керек.