Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосқыш/өшіргіш
- Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (2) алға қарай "I" күйіне жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) артқа қарай "0" күйіне жылжытыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (1) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.