Тік еңіс бұрышын реттеу
Тік еңіс бұрышын 45° (сол жақ) және 0° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін 0° және 45° бұрыштары үшін берік позициялар қолданылады.
Кез келген тік еңіс бұрышын реттеу (J суретін қараңыз)
- Жылжымалы тіреуіш планканы (23) толықтай сыртқа қарай тартыңыз.
- Қысқыш тұтқаны (33) босатыңыз.
- Манипуляторды тұтқасынан (4), бұрыш индикаторында (25) қажетті тік еңіс бұрышы көрсетілгенше қайырыңыз.
- Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш тұтқаны (33) қайтадан бұрап бекітіңіз.