Бөліктерін орнату
- Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып қойыңыз.
- Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы жабдықтардан алып қойыңыз.
Ұзартқыш дөңесті орнату (A суретін қараңыз)
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Аралау үстелін қосымша ұзарту үшін электр құралының сол немесе оң жағында ұзартқыш дөңестерді орнатуға болады.
- Бекіткіш бұранданы (38) крест ойықты бұрауыштың көмегімен ұзартқыш дөңестен бұрап шығарыңыз.
- Электр құралын аударыңыз.
- Ұзартқыш дөңесті (21) электр құралының екі жағынан да тиісті саңылауларға тірелгенше жылжытыңыз.
- Бекіту үшін бекіткіш бұранданы (38) қайтадан ұзартқыш дөңеске бұрап кіргізіңіз.