Ара дискісін алмастыру (D1−D3 суреттерін қараңыз)
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Маятниктік қорғаныш қаптаманы (9) артқа қайырып, маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
- Ішкі алты қырлы бұранданы (39) алты қырлы дөңбек кілтпен (6 мм) (32) бұрап, дәл сол мезетте шпиндель бекіткішін (28) тірелгенше басыңыз.
- Шпиндель бекіткішін (28) басып тұрып, ішкі алты қырлы бұранданы (39) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол жақ ойма!).
- Қысқыш фланецті (40) алып тастаңыз.
- Ара дискісін (41) шығарыңыз.
- Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай қайта апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
- Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.
- Маятниктік қорғаныш қаптаманы (9) артқа қайырып, маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
- Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (42) орнатыңыз.
- Қысқыш фланецті (40) және ішкі алты қырлы бұранданы (39) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (28) тірелгенше басып, ішкі алты қырлы бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз.
- Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай қайта апарыңыз.