Пайдалану нұсқаулары
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға болады.
- Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (30) қосыңыз.
- Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең еңіс бұрышы | Тік еңіс бұрышы | Биіктігі x ені [мм] |
---|---|---|
0° | 0° | 60 x 123 |
0° | 45° | 43 x 123 |
45° (сол жақ/оң жақ) | 0° | 60 x 80 |
45° (сол жақ) | 45° | 43 x 80 |
45° (оң жақ) | 45° | 35 x 80 |
Минималды дайындамалар саны (= жинақтағы бұрандалы қысқыш (22) арқылы ара дискісінен сол немесе оң жақта қысуға болатын барлық дайындамалар): 145 x 50 мм (ұзындығы x ені)
Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 60 мм
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (10) пайдалануға болады.
- Қысқыш бұранданы (46) босатып, ұзындық шектегішін (10) бағыттауыш шинада (37) қажетті дайындама ұзындығына жылжытыңыз.
- Қысқыш бұранданы (46) қайтадан мықтап тартыңыз.
Ұзынырақ дайындамалар:
- Қатпарлы бұранданы (36) босатып, бағыттауыш шинаны (37) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
- Қатпарлы бұранданы (36) қайтадан мықтап тартыңыз.
- Ұзындық шектегішін (10) қажетті дайындама ұзындығына реттеп шығыңыз.
Ұзындық шектегішінсіз аралау:
- Қысқыш бұранданы (46) босатып, ұзындық шектегішін (10) бағыттауыш шинада (37) толықтай сыртқа жылжытыңыз.
- Ұзындық шектегішін, ол тіреуіш планкамен (11) нық жанасатындай, 90°-қа бұраңыз.
- Қысқыш бұранданы (46) қайтадан мықтап тартыңыз.
Ішпек (14) ұзақ уақыт пайдаланылғаннан кейін электр құралын тоздыруы мүмкін.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Бұрандаларды (47) стандартты крест ойықты бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (14) алып тастаңыз.
- Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (47) қайтадан тартыңыз.
Ішпектер (14) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Бұрандаларды (47) стандартты крест ойықты бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (14) алып тастаңыз.
- Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (47) қайтадан тартыңыз.