Жұмыс істеуге дайындау
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек.
Аралау үстелін ұзартқыш дөңестің (21) көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады.
- Қысқыш бұранданы (13) босатыңыз.
- Ұзартқыш дөңесті (21) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз.
- Ұзартқыш дөңесті бекіту үшін қысқыш бұранданы (13) қайтадан тартып қойыңыз.
Тік еңіс бұрышында аралау кезінде реттелетін тіреуіш планканы (23) жылжыту керек.
- Қатпарлы бұранданы (43) босатыңыз.
- Реттелетін тіреуіш планканы (23) толық сыртқа қарай тартыңыз.
- Қатпарлы бұранданы (43) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін реттелетін тіреуіш планканы (23) кері жылжытыңыз (қатпарлы бұранданы (43) босатыңыз; тіреуіш планканы (23) толығымен ішке жылжытыңыз; қатпарлы бұранданы қайтадан тартып қойыңыз).
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған дайындамаларды өңдемеңіз.
- Дайындаманы (11) және (23) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
- Жинақтағы бұрандалы қысқышты (22) арнайы саңылауларға (35) енгізіңіз.
- Қатпарлы бұранданы (44) босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
- Бұрандалы өзекті (45) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.
Дайындаманы босату
- Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (45) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.